Шығыс Қазақстанда алтын қазушыларға айыппұл салынды

1064

Самар ауданында алтын қазумен айналысқан компания жауапқа тартылды.  

Шығыс Қазақстанда алтын қазушыларға айыппұл салынды

Белгілі болғандай олар табиғатқа орасан зор зиян келтірген. Бұл туралы облыстық экология департаменті мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Самар ауылы мен Құлынжон ауылының тұрғындары аталған компанияның табиғатты бүлдіріп, суды ластағанын айтқан болатын. Бұл іс Самар ауданы Көкпекті ауданынан бөлінбей тұрғанда қозғалған.

Облыстық экология департаменті алтын қазушылардың ісі бойынша тексеру қортындысын жариялады.

""Каскад-Н" ЖШС бұзылған жерлерді ремедиациялау жұмыстарын жүргізді. Бұған дейін Самар ауылы тұрғындарының Құлынжон өзенінің маңында жер қойнауын пайдаланушылар қазба жұмыстарын өрескел түрде жүргізгені туралы шағымданған. Нәтижесінде "Каскад-Н" ЖШС-ға қатысты жоспардан тыс экологиялық тексеру жүргіздік", - деп жазылған облыстық экология департаментінің мәліметінде.

Ресми ақпаратқа сүйенсек, Көкпекті ауданы Самар ауылының 18 шақырымында орналасқан "Құлынжон" учаскесін тексеру барысында, жер учаскесінде "SOK’s GOLD" ЖШС мердігерлік ұйымы қызметтерінің көмегімен жер қойнауын пайдалану операциялары жүргізілгені расталған. Салдарынан жер тозған.

""SOK’s GOLD" ЖШС-ға қатысты 2 511 660 теңге сомасына әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. "Каскад-Н" ЖШС-да жұмыстарды жүргізуге мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болмағандығын айта кету керек. "Каскад-Н" ЖШС-нің іс-әрекеттерінде ӘК туралы ҚРК 332-бабының 1-бөлімінде көзделген құқық бұзушылық белгілері болды. Нәтижесінде қысқартылған өндіріс бойынша 50 АЕК (153 150 теңге) сомасына айыппұл салынды", - дейді экология департаментінің баспасөз қызметі.

Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорынға ремедиация жүргізу туралы ұйғарым берілген. Оның шеңберінде бұзылған жерлерді қалпына келтіру және табиғи компоненттерді табиғи күйіне келтіру көзделеді.

"Бүгінгі күні "Каскад-Н" ЖШС бұзылған учаскелердің бетін қалпына келтіру бойынша техникалық ремедиация орындалды. Ремедиация бойынша жұмыстардың жалпы құны 7,7 млн. теңгені құрады. Кәсіпорын 2023 жылдың көктемінде биологиялық рекультивация жүргізуді жоспарлап отыр. Рекультивацияланатын бетке шөп егу және қопсытылған аумақты құру көзделген", - делінген ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу