Шығыс Қазақстанда балықшылар жарылған мұздің бөлігінде қалып қойды

410

Балықшылардың көмек сұраған айқайын ауыл адамдары естіген.

Шығыс Қазақстанда балықшылар жарылған мұздің бөлігінде қалып қойды Фото: ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті

Шығыс Қазақстандағы Тарбағатай ауданының балықшылар Зайсан көлінен балық аулауға шығып, жарылған мұздің бөлігінде қалып қойған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Оқиға 13 сәу күні кешке қарай болған. Белгілі болғандай балықшылар әдеттегідей балық аулауға шыққан. Кенеттен мұз жарылып, олар екінші бөлігінде қалып қойған. 

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, балықшылардың көмек сұраған айқайын ауыл адамдары естіп, құтқарушыларға хабар беріпті. 

- Тұғыл ауылынан 3-5 шақырым жердегі Зайсан көлінде екі балықшы жұқа мұз бетіне шыққан. Кешке қарай қайтып келе жатқан кезде мұз бөлініп кетіп олар 500-800 метр қашықтықта тас қараңғыда жағадан жырақта қалып қойды. Балықшылардың көмек сұрап айғайлаған даусын сол маңда жүрген тұрғындар естіп қалған. Бірақ олардың нақты орналасқан жерін көрмеді. Ал мұзда қайықпен жүру мүмкін емес еді, жаяу жүру де қауіпті болды, - делінген ақпаратта.

Оқиға орнына шұғыл жеткен аудандық ТЖБ қызметкерлері резеңке қайықпен балықшыларға көмекке аттанды. Сонымен қатар, Өскеменнен департаменттің жедел құтқару жасағының мамандары су мен батпақты жерлерде жүруге қабілетті, өтімділігі жоғары "Шерп" автокөліктерімен жолға шыққан.

- Балықшыларды құтқаруға бірнеше сағат қажет болды. Себебі борпылдақ мұз бен қараңғылық жағдайды қиындатты. Балықшылар жұқа мұзда тоңып, әбден әлсіреп қалған. Құтқарушылар мен қайыққа мінген жергілікті тұрғындардың бірлескен әрекеті арқасында 45 және 44 жастағы екі адам аман-есен жағаға шығарылды. Балықшыларға медициналық көмек қажет болмады, - дейді ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу