Шығыс Қазақстанда бизнес бастама үшін алынған 180 млн теңгенің жері мемлекетке қайтарылды

395

Жер ұзақ уақыт бойы нысаналы мақсатына сай пайдаланылмағаны анықталды.

Шығыс Қазақстанда бизнес бастама үшін алынған 180 млн теңгенің жері мемлекетке қайтарылды Фото: canva

Самар ауданының прокуратурасымен пайдаланылмай жатқан жерлер мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жер заңнамасының сақталуы, пайдаланылмай жатқан және заңсыз берілген жер учаскелерін анықтау мен мемлекет меншігіне қайтару мәселелері прокуратураның тұрақты бақылауында.

Самар ауданының прокуратурасы жүргізген талдау инвестициялық жобаны іске асыру үшін берілген 5 жер учаскесінің ұзақ уақыт бойы нысаналы мақсатына сай пайдаланылмағанын анықтады.

"Ағымдағы жылғы тамыз айында ЖШС меншік иесі бизнес-бастаманы дамытудан бас тартқан. Бұл шешімді кәсіпорын өз бетінше қабылдаған және ол әкімшілік кедергілермен байланысты емес. Алайда нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған бөлінген жерлер мемлекетке қайтарылмаған", – делінген хабарламада.

Прокурорлық қадағалау шараларымен құны 180 млн теңге болатын жалпы ауданы 2 930 гектар жер учаскелерінің мемлекет меншігіне қайтарылуы қамтамасыз етілді.

Жер қатынастары саласында заңдылықты қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу