Шығыс Қазақстанда индустриялық жобалар сәтті іске асырылуда

432

Кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында экспорттық өндірістерді құру үшін 2020 жылдан 2025 жылға дейін Шығыс Қазақстанда 645 млрд теңге инвестиция тартуға және 10 мың жаңа жұмыс орнын құруға бағытталған 32 жоба іске асырылмақ. 

Шығыс Қазақстанда индустриялық жобалар сәтті іске асырылуда

Облыс әкімі биыл 37,5 млрд теңгенің бес жобасын іске асыру жоспарланғанын атап өтті. Оның ішіндегі маңызды жобалардың бірі – жылдық қуаты 200 тонна уран өндіретін АЭС-ке арналған жылу бөлетін құрамдар шығаратын зауыт құрылысы. Жоба Азия нарығына, атап айтқанда Қытайға бағытталған.

Сондай-ақ, Қаршыға кен орнының тау-кен байыту кешенінің және Суықтыбастау учаскесінде әктасты қайта өңдеу зауытының құрылысы аяқталуда.

Ақтоғай тау-кен байыту комбинатында мыс кенін қайта өңдеу көлемін екі есеге арттыру бойынша ірі жобаның екінші кезеңі іске асырылуда. Қызылқайың кен учаскесінде қуаттылығы жылына 25 млн. тонна кен өндіретін байыту комбинатының құрылысы басталады. Кәсіпорын өнімдерін Ресей мен ҚХР-ға экспорттау жоспарлануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу