ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қар көшкінінің алдын алу шарасы "Өскемен-Таулы Үлбі-Северное" тасжолындағы учаскелердің бірінде жүргізілді. Тас жолдың бойында қар 48-ден 60 см-ге дейін жиналған. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында "Қазселденқорғау" ШҚ филиалының мамандары тарапынан жарылыс жасалып, қар түсірілді.
"Алдағы мерекелерде адамдар елді мекендерінің аумағынан тыс жерлерге, әсіресе демалыс базаларына барады. Сондықтан қар көшкіні қаупі бар учаскелерде профилактикалық шараларды жүргізудің маңыздылығы зор", - дейді филиал директоры Омар Дүзгімбаев.
2 жарылыс нәтижесінде барлығы 13400 текше метр қар массасы түсірілген. Өңірдегі таулы жерлерде апта соңына дейін қар көшкіні жүру қаупі сақталады.