Шығыс Қазақстанда қасқыр атуға 4 млн теңгеден астам қаржы жұмсалды

973

Шығыс Қазақстанда қасқыр атуға 4 млн теңгеден астам қаржы жұмсалды

Шығыс Қазақстан облысында жыртқыштың санын реттеу мақсатында қасқыр ату шарасы жалғасып жатыр. Түз тағысын ату үшін 4 млн 176 мың теңге жұмсалған, деп  хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы хабарлағандай, 2016 жылдың 1 желтоқсан күнгі дерегі бойынша, облыста 348 қасқыр мен 22 бөлтірік атып өлтірілді. Жыртқыштың көзін аңшылық билеті мен аңшылық жасау рұқсаты бар қарапайым азаматтар жоя алады. Әуесқой аңшыларды ынталандыру мақсатында мемлекеттік сыйақы тағайындалған. Сонымен, қасқырды атып алғаны  үшін – 12 мың теңге, ал бөлтірік үшін 6 000 теңге беріледі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу