Полиция Шығыс Қазақстан облысындағы Глубокое ауданы мен Риддер қаласының аумағында мал ұрлығымен айналысқан топты ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Төрт ұрлық дерегіне қатысы бар екі ер адам ұсталып, келтірілген шығынның жалпы сомасы 1 миллион теңгеден асты. Бұдан бөлек, 50-ден астам құқық бұзушылық анықталды.
"Полицейлер қызметкерлері бақылаусыз мал жайылуын тексеруді күшейтіп, автокөліктерге, базарларға және сауда нысандарына тұрақты тексеру жұмыстарын жүргізуде. Өнімнің заңды ветеринариялық құжаттарының дұрыстығын қадағалап жатыр.
Полиция азаматтарға мал жаю, тасымалдау және ауыл шаруашылығы өнімдерін сату ережелерін сақтауды, сондай-ақ тиісті ветеринариялық құжаттарды алдын ала рәсімдеуді ескертеді", – делінген хабарламада.