Шығыс Қазақстанда өрт қауіпсіздігін бұзудың 17 мыңнан астам фактісі анықталған

389

Төтенше жағдайлар қызметі 78 мыңнан астам жер үйді аралап шыққан Жылыту маусымы бастала салысымен, Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар қызметкерлері жер үйлердегі өрт қауіпсіздігін алдын алу мақсатында 78 мыңнан астам үйді аралап шыққан. 

Шығыс Қазақстанда өрт қауіпсіздігін бұзудың 17 мыңнан астам фактісі анықталған

Соның 17 мыңнан астамы қауіпсіздік талаптарын орындамаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков мәлім етті. 

– Қазан айында жылыту маусымы басталған. Содан бері ШҚО құтқарушылары жер үйлерге тексеру жүргізіп жатыр. Олар азаматтарға әдістемелік көмек көрсетуде, атап айтқанда пешті, электр жабдықтарын пайдалану, газ жабдықтары мен баллондарды сақтау туралы ақыл-кеңес беріп жатыр. Профилактикалық шаралар жылыту маусымының соңына дейін жүргізіледі, – деді Марат Күлдіков.

Тексеру нәтижесінде, өрт қауіпсіздігін бұзудың 17 мыңнан астам фактісі анықталған.

– Соның нәтижесінде, өрт қауіпсіздігін бұзудың 17 мыңнан астам фактісі анықталды. Оның 3 мыңнан астамы сол жерде түзетілді. Қалған кемшіліктер бойынша үй иелеріне тиісті ұсынымдар берілді, – деді ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі.

Өз сөзінде ол әкімдікпен және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, мұқтаж отбасылардың үйіне өрт шыққанын айтып, дабыл қағатын датчикті орнатудың маңызы зор екенін жеткізді. Шығыс Қазақстандағы үйлерге осындай 2 340 датчик орнатылған.

Таунар Қайратұлы 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу