Шығыс Қазақстанда өзен жағасынан тағы бір адамның мәйіті табылды

419

Бұл – тамыз айынан бері өзен жағасынан табылған екінші мәйіт.

Шығыс Қазақстанда өзен жағасынан тағы бір адамның мәйіті табылды

Шығыс Қазақстандағы Глубокое ауданындағы өзеннің жағасынан адамның мәйіті табылды. Оның нақты неден көз жұмғаны әзірге белгісіз.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, полицияға Глубокое ауданы Таулы Үлбі ауылындағы Үлбі өзенінің жағасында адам мәйіті жатқандығы жайлы хабар түскен.

"Сол жерге аттанған тәртіп сақшылары ер адамның мәйітін тапты. Оның нақты неден мерт болғаны тиісті сараптама жұмыстарынан кейін белгілі болмақ. Қалған ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес (Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жария етуге жол бермеу) жария етілмейді", - делінген ақпаратта.

Еске салсақ, бұл – тамыз айы басталғалы Шығыс Қазақстандағы өзендердің жағасынан табылған екінші мәйіт. 1 тамыз күні Риддер қаласы тұрғынының денесі Журавлиха өзенінің жағасынан табылған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу