Шығыс Қазақстанда пара алған 2 басшыға қылмыстық іс қозғалды

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми парақшасы жазды. 

Шығыс Қазақстанда пара алған 2 басшыға қылмыстық іс қозғалды Фото: Бейнежазбадан

Қазір 2 лауазымды тұлғаға қатысты тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметі бойынша, Шығыс Қазақстан облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы пара алды және лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдаланды деген күдікпен ұсталды.

– Оның жол құрылыс компаниялары және автобус парктерінің өкілдерінен 134 млн теңге сомасына заңсыз сыйақы алғаны анықталды. Тінту барысында тұрғын үйінен 121,9 млн теңге және 97,7 мың доллар тәркіленген, – делінген ҰҚК таратқан ақпаратта. 

ШҚО Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысына да қатысты қылмыстық іс қозғалып отыр. 

– Ол мұғалімдердің мемлекеттік аттестаттаудан өтуіне жәрдемдескені үшін жүйелі түрде ақшалай қаражат алған. Сот санкциясымен көрсетілген адамдар қамауға алынды, – деп жазды комитеттің ресми парақшасы. 

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпараттар жария етілмейді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу