Шығыс Қазақстанда пиротехникалық бұйымдардың айналымына бақылау күшейтілді

92

Аймақта 345 профилактикалық рейд ұйымдастырылған. 

Шығыс Қазақстанда пиротехникалық бұйымдардың айналымына бақылау күшейтілді Фото: admmegion.ru

Шығыс Қазақстан облысында сертификатталмаған пиротехникалық өнімдердің заңсыз айналымына жол бермеу үшін полиция қызметкерлері мен төтенше жағдайлар органдары "Пиротехника" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тексеру барысында базарлар мен өзге де сауда орындары қамтылып, контрафактілік пиротехникалық өнімдер анықталып, тәркіленді. Құрылып отырған рейдтік топтардың жұмысы нәтижесінде 60 пиротехникалық бұйым айналымнан алынды. 

Рейдтердің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 196-бабының 1-бөлігіне сәйкес 8 әкімшілік хаттама толтырылып, құқық бұзушыларға айыппұл салынды.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті азаматтарға сертификатталмаған пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сату және пайдалану үшін әкімшілік жауапкершілік көзделгенін ескертеді. Полиция қызметкерлері пиротехникалық өнімдерді тек ресми және сертификатталған сауда орындарынан сатып алуға, сондай-ақ оларды қолдану кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу