Өскемендегі әскери бөлімдердің бірінде сарбаз көз жұмды

189

Ол алған жарақаттан көз жұмды. 

Өскемендегі әскери бөлімдердің бірінде сарбаз көз жұмды Фото: canva

Оқиға 23 қаңтарда болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

– Өскемен гарнизонының бір әскери бөлімінде қарауылдық қызмет кезінде мерзімді әскери қызметтегі сарбаз бекітілген қарудан өзін-өзі атып, алған жарақатынан қаза тапты, – делінген ресми хабарламада.

Қаза тапқан сарбаз 2025 жылғы сәуір айында мерзімді әскери қызметке шақырылған. Оқиға бойынша Шығыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу Өскемен гарнизонының Әскери прокуратурасының бақылауымен жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты оқиғаның толық себебі мен мән-жайы жарияланбаған.

Қорғаныс министрінің тапсырмасымен оқиғаның объективті және жан-жақты зерттелуін қамтамасыз ету мақсатында арнайы комиссия құрылып, оқиға орнына жіберілді. Комиссияны Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-майор Асқар Мұстабеков басқарады.

Қорғаныс министрлігі мен Қарулы Күштер қаза тапқан сарбаздың отбасы мен жақындарына көңіл айтып, оларға барлық қажетті қолдау көрсетілетінін мәлімдеді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу