Шығыс Қазақстанда соңғы екі күнде 60-тан астам дала өрті тіркелді

152

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, көктем басталғалы бері өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзған 32 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. 

Шығыс Қазақстанда соңғы екі күнде 60-тан астам дала өрті тіркелді Фото: qazdauiri.kz

Шығыс Қазақстан облысында өрт қаупі жоғары кезең басталғалы дала өрті жиілей түсті, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

– Соңғы демалыс күндері өңірде 60-тан астам дала өрті тіркелді. Жалын 169 гектар жерді шарпыды. Өрттердің негізгі себебі – тұрғындардың қауіпсіздік ережелерін сақтамауы және отты абайсыз қолдануы, – делінген ресми хабарламада.

Дала өрттерінің алдын алу мақсатында аймақта 243 адамнан тұратын 46 мобильді топ құрылған. Оның құрамына өрт сөндірушілер, жергілікті атқарушы орган өкілдері, полиция қызметкерлері мен орманшылар кірген. Қазір мобильді топтар ауылдық жерлерде профилактикалық рейдтер өткізіп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу