Шығыс Қазақстанда су қоймасына ер адам батып кетті

463

Оқиға Бұқтырма су қоймасының арнайы жабдықталмаған учаскесінде шомылған. 

Шығыс Қазақстанда су қоймасына ер адам батып кетті Фото: google.com

Шығыс Қазақстан облысында шомылуға барған ер адам суға батып кетті. Қайғылы жағдай Алтай ауданы Бұқтырма су қоймасында болған. Оқиға орнына жеткен сүңгуірлер оның денесін алып шыққан.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 4 маусым күні болған. Су қоймасының арнайы жабдықталмаған учаскесінде шомылып жүрген 48 жастағы азамат батып кетті.

Бейресми мәліметке сүйенсек, ер адам мас болған.

- Өңірде алдағы күндері 41 градусқа дейін ыстық болады. Тұрғындарға құтқарушылардың ескертулеріне немқұрайлы қарамай, сақтық шараларын үнемі қаперде ұстау керектігін ескертеміз. Шомылу үшін тек жабдықталған жағажайларға барыңыз. Құтқарушылар мен дәрігерлер кезекшілік ететін жерде құтқару құралдары бар және су қоймасының түбі тексерілген. Ешбір жағдайда балаларды жағалауда қараусыз қалдырмаңыз, - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысында шомылуға арналған 21 учаске белгіленген болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу