ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жолдың дұрыс көрінбеуіне, боран мен көктайғаққа байланысты облыстық маңызы бар автокөлік жолдарында кейбір көлік түрлерінің қозғалысына тыйым салынды.
– 21 желтоқсан сағат 10.00-ден бастап "Шемонаиха-Секисовка" тасжолының 0-56 шақырымында (Шемонаиха қаласы мен Секисовка ауылының арасындағы жол) автобустар мен тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысына уақытша тыйым салынды. Сондықтан жүргізушілерді өз бағыттарын алдын ала жоспарлап алуды сұраймыз, – делінген хабарламада.
Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығына жолдардың жай-күйін "Дәрмен" мобильді қосымшасы арқылы біліп отыруға кеңес берді.