Шығыс Қазақстанда тіркемесі бар көліктерге қойылған қысқы шектеу алынды

85

Бұл туралы ҚазАвтоЖол мәлім етті.

Шығыс Қазақстанда тіркемесі бар көліктерге қойылған қысқы шектеу алынды Фото: ШҚО ПД

Шығыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар "Өскемен – Алтай – Катонқарағай – Рахман қайнары" автожолының 46-66 шақырымындағы (Северное ауылы – Серебрянск қаласы аралығы) учаскесінде тіркемесі және жартылай тіркемесі бар көліктердің қозғалысына қыс мезгілінде енгізілген маусымдық шектеулер алынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Аталған шектеулер жыл сайын күрделі жол учаскелеріндегі жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында енгізіледі. Көктайғақ, боран және көріну деңгейінің төмендеуі жағдайында ірі габаритті көліктердің қозғалысы жоғары қауіп төндіреді.

Биылғы маусымда шектеу 2025 жылғы қараша айынан бастап енгізілді және тұрақты жылы ауа райының орнауы мен жол жағдайының жақсаруына байланысты 2026 жылғы 1 сәуірде шектеу алынып тасталды. Осы кезеңде жол қызметтері тәулік бойы жұмыс істеп, жолдарды қардан тазалау, көктайғаққа қарсы материалдар себу және автоколонналарды сүйемелдеу жұмыстарын жүргізді.

– Құрметті жүргізушілер, көктемгі ауа райының құбылмалы болуына байланысты, әсіресе таулы аймақтар мен асуларда қауіпсіз арақашықтық пен жол ережесін қатаң сақтауларыңызды сұраймыз, – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу