Шығыс Қазақстанда жер үйден өрт шығып, ерлі-зайыпты ажал құшты

319

Марқұмдар түтінге уланып қалған.

Шығыс Қазақстанда жер үйден өрт шығып, ерлі-зайыпты ажал құшты Фото: inbusiness.kz

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында жер үйде өрт шығып, ерлі-зайыпты зейнеткер қаза болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Глубокое ауданы Уварово ауылындағы Орталық көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйде өрт шыққан.

– Өрт сөндірушілер келгенге дейін 1948 жылы туған үй иесі жалындаған үйден өздігінен сыртқа шығып үлгерген. Алайда ол түтінге уланып қалған. Оқиға орнына жедел жеткен Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері ер адамға реанимациялық көмек көрсеткенімен, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады, – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Өртті сөндіру барысында департамент қызметкерлері үй ішінен 1953 жылы туған үй иесі жұбайының мәйітін тапты.

"80 шаршы метр аумақта жайылған тілсіз жау толықтай сөндірілді. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр", – делінген ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу