Шығыс Қазақстанда жол апатынан 20 тоннаға жуық күкірт қышқылы төгілген

500

Оқиға Күршім ауданында болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шығыс Қазақстанда жол апатынан 20 тоннаға жуық күкірт қышқылы төгілген Фото: Облыстық Полиция департаментінен

Шығыс Қазақстан облысында жүк көлігі аударылып, 20 тоннаға жуық күкірт қышқылы төгілген. Оқиға орынында арнайы коммиссия тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Жүк көлігі 23 тонна күкірт қышқылын тиеп келе жатқан.Оқыс оқиға 7 шілдеде Күршім ауданындағы Ақбұлақ пен Егіндібұлақ ауылдарының арасында болған. Бұл туралы ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

"23 тонна күкірт қышқылы тиелген жүк көлігі аударылып қалды. Жол апаты салдарынан 20 тоннаға жуық күкірт қышқылы төгілген. Қазіргі уақытта арнайы техниканың көмегімен апаттық-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құқықтық баға мен кінәлілердің жауапкершілігі заңға сәйкес белгіленеді", - делінген ақпаратта.

Оқиға орнында аудан әкімі мен уәкілетті орган өкілдерінен тұратын комиссия да жұмыс істеп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу