Шығыс Қазақстанда жол апатынан 5 адам қаза тауып, 1 адам жарақат алды

146

Қаза болғандардың кім екені және оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Шығыс Қазақстанда жол апатынан 5 адам қаза тауып, 1 адам жарақат алды Фото: ШҚО ПД

Полиция мәліметінше, жол апаты 4 қараша күні Өскемен-Риддер тас жолының 48-ші шақырымында болған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

ЗИЛ жүк көлігі мен Toyota Estima көлігі соқтығысқан. Салдарынан 5 адам сол жерде көз жұмған. Жарақат алған 1 адам ауруханаға жеткізілді.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу