Шығыс Қазақстандағы 3 ЖЭО-да күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды

297

Биыл 8 қазандық агрегаты мен 3 турбоагрегатқа күрделі жөндеу жүргізілді.

Шығыс Қазақстандағы 3 ЖЭО-да күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды Фото: gov.kz

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмаларды орындау аясында қолданыстағы электр станцияларын жаңғыртуға және энергетикалық жабдықтардың техникалық дайындығын қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінуде, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл – жылыту маусымын сенімді өткізуге қойылатын негізгі талаптардың бірі.

Шығыс Қазақстан облысында электр станцияларының негізгі энергетикалық жабдықтарын күрделі жөндеу науқаны аяқталды. Жүйелік оператордың жоспарына сәйкес, биыл 8 қазандық агрегаты мен 3 турбоагрегатқа күрделі жөндеу жүргізілді.

Атап айтқанда, Өскемен ЖЭО-да 4 қазандық пен 2 турбоагрегат, Согра ЖЭО-да 3 қазандық пен 1 турбоагрегат, Риддер ЖЭО-да 1 қазандық күрделі жөндеуден өтті.

Жүргізілген жұмыстар жабдықтарды пайдалану сенімділігін арттыруға, олардың техникалық дайындығын қамтамасыз етуге және жоғары жүктеме кезеңінде станциялардың тұрақты жұмыс істеуіне бағытталған.

Қазіргі уақытта өңірдегі үш жылу электр орталығы да электр және жылу энергиясын өндіруде. Станциялар тұрақты жұмыс істеу үшін қажетті отын қорымен қамтамасыз етілген.

Атап айтқанда, Өскемен ЖЭО-да 6 қазандық  пен 4 турбоагрегат, Согра ЖЭО-да 3 қазандық пен 2 турбоагрегат, Риддер ЖЭО-да 4 қазандық пен 1 турбоагрегат жұмыс істеп тұр.

Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті жылыту маусымының сенімді өтуін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда. Комитеттің аумақтық департаменттері жылу электр орталықтарының негізгі және қосалқы жабдықтарының техникалық жай-күйіне, станциялардың жұмыс режимдеріне, температуралық кестелердің сақталуына және нормативтік отын қорының болуына тұрақты мониторинг жүргізуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу