Шығыс Қазақстандағы балабақшада бүлдіршін терезеден құлап кетті

363

Оқиға тыныштық сағаты кезінде болған. 

Шығыс Қазақстандағы балабақшада бүлдіршін терезеден құлап кетті Фото: Almaty.tv

Алтай қаласындағы балабақшаларың бірінде 5 жастағы бүлдіршін терезеден құлап кеткен. Оқыс жағдай 11 шілдеде болған.

Оқиға "Марат-Сұлтан" балабақшасында тыныштық сағаты кезінде болған. Аталған мәселе бойынша облыстық Білім бөліміне хабарластық. Өкінішке қарай, басқарма мамандары жылдам ақпарат беруге ниеттенбеді. Ресми сауал жолдауымызды талап етіп, 3-5 күн ішінде жауап беретіндіктерін жеткізді.

Аудандық Білім бөліміндегілермен де хабарласу мүмкін болмады. Бөлімдегілер жергілікті ақпарат көздеріне берген мәліметінде баланың жағдайы жақсы екендігін айтқан.

- Баланың жағдайы тұрақты. Абырой болғанда аман-есен, ешқайсы жері сынбаған. Тек іші көгеріп қалған. Дәрігерлер оны апта соңына дейін шығаратынын айтқан болатын. Ал, қазір оқиғаға байланысты қызметтік тергеу жүріп жатыр, - дейді Алтай аудандық білім бөліміндегілер.

ШҚО ПД аталған жағдайға байланысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу