Шығыс Қазақстандағы Бұқтырма су қоймасындағы судың деңгейі төмендеп кеткен

506

Жыл сайын су деңгейі шамамен 10 пайызға төмендеуде. 

Шығыс Қазақстандағы Бұқтырма су қоймасындағы судың деңгейі төмендеп кеткен Фото: Qazaqstan 3D

Шығыс Қазақстандағы Бұқтырма су қоймасындағы судың деңгейі жыл сайын төмендеп келеді. Мамандардың мәліметінше, бұндай жағдай 2020 жылдан бері орын алыпты.

Жуықта әлеуметтік желіде желі қолданушылары су қоймасындағы су деңгейінің бұрынғымен салыстырғанда айтарлықтай түсіп кеткенін айтқан болатын. Сөздерінше, жағадағы жартастарды соғып жататын толқындар тартылып кеткен.

Осы мәселеге орай Су ресурстарын пайдалану мен қорғауды реттеу жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясынан жауап берді.

- Бұқтырма су қоймасында 2020 жылдан бастап су азайып келеді. Жыл сайын су деңгейі шамамен 10 пайызға төмендеуде. Бұл табиғи құбылыс. Әзірге судың азаюы балық қырылуына әкеліп соғып жатқан жоқ. Бірақ егер су деңгейі осылай төмендей берсе, оның салдары болады, - дейді инспекция басшысының міндетін атқарушы Ернар Мәдиев.

Оның айтуынша, биылғы қыс қарлы болды. Алайда соған қарамастан су қоймасында су деңгейі төмендеп кеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу