Шығыс Қазақстандағы мектепте қылмыстық тарихы бар адамдар жұмыс істеген

3613

Кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 

Шығыс Қазақстандағы мектепте қылмыстық тарихы бар адамдар жұмыс істеген Фото: kazgazeta.kz

Самар ауданының прокуратурасы білім беру ұйымдарында Еңбек кодексін бұзу фактілерін анықтады. Ресми ақпаратқа сүйенсек мектептердің бірінде қылмыстық тарихы бар адамдар жұмыс істеген.

Бұрын сот арқылы жауапқа тартылған қызметкерлер осыған дейін кәмелетке толмағандармен жұмыс істеп келгені белгілі болды. Атап айтқанда, аудан мектебінде Еңбек кодексінің 26-бабының 2-тармағы, 3-тармақшасының талаптарына қайшы бұрын қасақана қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған мұғалім мен екі күзетші қызмет атқарған.

Сондай-ақ, қамту бөлімінің қызметкерлері арасында психикалық ауруға байланысты "Д" есебінде тұрған азамат бар екені анықталды.

"Прокуратурамен қабылданған шараларға сәйкес білім беру ұйымдарында жұмыс істеуге рұқсат етілмеген тұлғалар еңбек шартын бұзып, кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - делінген мәліметте.

Заңда көзделген шектеулері бар мұғалімнің кәсіптік қызметіне жіберілгені үшін мектеп басшысы ӘҚБтК-нің 409-бабының 7-5-бөлігі, 5-тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу