Шығыс Қазақстандағы өрттен келген шығын миллиард теңгеден асты

540

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында 1 300 гектарға жайылған дала өрті төрт күннен кейін ауыздықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Шығыс Қазақстандағы өрттен келген шығын миллиард теңгеден асты Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 8 қазан күні Күршім ауданындағы "Пугачев" орманшылығында өрт шыққан. Шөпті шарпыған тілсіз жаудың жалпы ауданы – 1 300 гектарды құрады.

"Өртті өшіруге ТЖД қызметкерлері, жергілікті атқарушы орган өкілдері мен орманшылар тарапынан 260-тан астам адам және 30-ға жуық техника жұмылдырылған. Сондай-ақ ШҚО әкімдігінің екі "МИ-8" тікұшағы тартылды. Жетуі қиын таулы аймақ пен қатты жел қызыл жалынды сөндіруді қиындатты", – делінген ақпаратта.

Әуеден барлығы 14 рет жалпы көлемі 35 тонна су төгілді. Десанттық күштер 8 тонна су жеткізді. Нәтижесінде, өрт 12 қазан күні түскі уақытта ауыздықталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу