Шығыс Қазақстандағы таулы өңірдегі өртті тікұшақпен сөндірді

549

Оқиға орынына өрт сөндіруге арналған көліктер жете алмаған.

Шығыс Қазақстандағы таулы өңірдегі өртті тікұшақпен сөндірді Фото: ШҚО ТЖД

Шығыс Қазақстандағы таулы аймақтарда дала өрті әлі де ушығып тұр. 3 шілдеде Ұлан ауданы Асубұлақ орман шаруашылығының аумағында құрғақ шөптер мен бұталар жанып, отқа оранды.

Ең қиыны дала өрті таулы жерде болғандықтан өрт сондіру техникалары жете алмаған. Сондықтан МИ-2 және МИ-8 тікұшақтарымен орманшылар мен өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткізілді.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт сөндірілген. Елді мекендерге қауіп жоқ.

- Өртті сөндіруге ШҚО әуе бөлімшесі мен "Қазавиақұтқару" АҚ су ағызатын құрылғысы бар МИ-8 тікұшағы тартылып, 13 рет су төкті. Өрттің алдын ала ауданы шамамен 6 гектарды құрайды. Өртті сөндіруге орманшылардан, өрт сөндірушілер мен жергілікті атқарушы органдардан 180-ге жуық адам, 23 техника, Шығыс Қазақстан әуе бөлімшесінің 2 тікұшағы "Қазавиақұтқару" АҚ-ның 2 тікұшағы жұмылдырылған, - дейді облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу