Шығыс Қазақстанға бір жылда шетелден 15 мың турист келді

319

Шығыс Қазақстан облысына былтырғы туристік маусымда шетелден 15 мың мейман келді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шығыс Қазақстанға бір жылда шетелден 15 мың турист келді Фото: canva.com

Бұл туралы облыстың Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Марат Қабақов мәлім етті.

"Өңірге бір жыл ішінде басқа елдерден 15 мың турист келген. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 17%-ға артып отыр. Биыл Бұқтырма демалыс базасындағы жолдар жөнделіп, демалушылар үшін жаңа арбат салынады", - деді ол.

2024 жылы облысқа келетін туристер едәуір көбейеді деп күтілуде. Бұған Қытаймен арадағы визасыз режимнің енгізілуі себеп. Оның үстіне осы жыл Қытайда "Қазақстандағы туризм жылы" болып жарияланған.

"Қытай Халық Республикасының үкіметі жыл ішінде бір млн-ға дейін турист жіберуге дайын екендіктерін білдірді. Негізгі бағыт – экологиялық және ауылдық туризм", - дейді Марат Қабақов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу