Шығыс Қазақстанның ұстаздары басқа жаққа жетпеуге міндеттенді

950

Шығыс Қазақстанның ұстаздары басқа жаққа жетпеуге міндеттенді

Шығыс Қазақстанда мектептердің ағылшын тілі мұғалімдері үш жыл көлемінде  облыстан тыс жерлерге кете алмайды, деп жазады yk.kz.

Ұлыбританиядан тіл үйретушілер шақыртып, олардың қаражатын төлеген облыстық әкімдік  ұстаздарға осындай талап қойып отыр. Аймақта 1200 ұстаз ағылшын тілін үйренуге кірісті. Олар жұмыс істеу тәсілдерін өзгерту үшін білімдерін жаңартуға тиіс.  Мақсат –  балаларды мектептегі сабақтан соң да ағылшынша еркін сөйлету.

Әр ұстаз оқуды тәмамдаған соң сынақ тапсырады.  Педагогтар үшін сабақ тегін, шетелдік тәлімгерлердің жұмысы үшін ақыны бюджет төлейді. Дегенмен бір шарт бар: білім алған ұстаздар оқыған-тоқығанын үш жыл көлемінде Шығыс Қазақстанның оқу мекемелерінде жұмыс істеп қайтаруы қажет.

Сондықтан курстан өткен әр ұстаз аталған уақыт ішінде аймақтан кетпеу жөнінде құжатқа қол қойып отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу