Шығыс Қазақстанда тағы 3 жолда көлік қозғалысы шектелді

153

Шектеулер бүгіннен бастап қыс мезгілінің соңына дейін жалғасады.

Шығыс Қазақстанда тағы 3 жолда көлік қозғалысы шектелді Фото: ҚазАвтоЖол

Шығыс Қазақстан облысындағы бірнеше жолда кейбір көлік түрлерінің қозғалысына тыйым салынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Өскемен-Тарғын-Самар тасжолының 63-145 шақырымында, Өскемен-Таулы Үлбі-Солтүстік тасжолының 18-60 шақырымында және Теректі-Ұрұнхайка-Төсқайың тасжолының 7-57 шақырымында кез келген үлгідегі тіркемелері немесе жартылай тіркемелері бар жүк көліктері мен тракторлардың қозғалысы үшін шектеулер енгізіледі. Сондай-ақ облыстық маңызы бар жолдарда механикалық көлік құралдарын сүйретуге тыйым салынады", – делінген ақпаратта.

Айта кетейік, көлік жүргізушілері жолдағы шектеулерге қатысты ақпаратты тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 байланыс орталығына хабарласып ала алады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу