Шығыста тіркемелі жүк көліктерге шектеу қойылды

440

Шығыста бірнеше республикалық жолдарда тіркемелі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктеріне шектеу қойылды, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Шығыста тіркемелі жүк көліктерге шектеу қойылды

Нақтырақ айтқанда, Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Қатонқарағайдан Рахман қайнары бағытындағы жол. Бұл аумақта тау арасындағы бұралаңы көп бағыт болғандықтан, қар көп жауған жылдары жеңіл көліктің де қатынауы қиындайды.

Сондықтан қыс мезгілінде қауіпсіздік үшін жүк көліктерінің жүруіне шектеу қойылады. Қажетті жол белгілері де орнатылды. Қыс түсе көктайғақ болатын тік белестерге себілетін құм жеткізіліп жатыр.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу