Шұғыл! Алматыда жер сілкінді

1086

Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.

Шұғыл! Алматыда жер сілкінді Фото: canva

Төтенше жағдайлар министрлігінің "Сейсмологиялық зерттеу институты" мәліметі бойынша, Астана уақытымен сағат 15:11-де жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Зілзала ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан шығысқа қарай 74 шақырым жерде орналасқан.

ТЖМ мәліметі бойынша, жерасты дүмпуінің есептік қарқындылығы:

  • Алматы қаласында – 2 балл
  • Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Түрген ауылы – 4 балл

  • Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы – 4 балл

  • Еңбекшіқазақ ауданы, Маловодное ауылы – 3 балл

  • Ұйғыр ауданы, Ж. Қайыпова ауылы – 3 балл

  • Кеген ауданы, Саты ауылы – 3 балл

  • Талғар ауданы, Талғар қаласы – 3 балл

  • Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылы – 3 балл

  • Кеген ауданы, Жалағаш ауылы – 3 балл

  • Іле ауданы, Өтеген-Батыр ауылы – 3 балл

  • Еңбекшіқазақ ауданы, Көкпек ауылы – 2 балл

  • Іле ауданы, Боралдай ауылы – 2 балл

  • Алатау (Жетіген) – 2 балл

  • Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы – 2 балл

  • Қонаев қаласы – 2 балл

  • Кеген ауданы, Кеген ауылы – 2 балл

  • Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылы – 2 балл

  • Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы – 2 балл

  • Жетісу облысы, Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылы – 2 балл

  • Ұйғыр ауданы, Қырғызсай ауылы – 2 балл

  • Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылы – 2 балл

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу