"Шымбұлақ" курорты аумағында 900 текше метрден астам қар түсірілді

499

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бүгін курорт аумағында "Avalancheur" пневматикалық құралының көмегімен көшкін түсірілген.    

"Шымбұлақ" курорты аумағында 900 текше метрден астам қар түсірілді Фото: aikyn.kz

"Шымбұлақ" тау шаңғы курорты аумағында профилактикалық мақсатта қар көшкіні түсірілді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Профилактикалық жұмыстарға "Шымбұлақ" шаңғы курорты қызметкерлері, Алматы қаласы ТЖД, "Қазселденқорғау" ММ, "Қазгидромет" РМК мамандары қатысты. Профилактикалық жұмыстарды жүргізу нәтижесінде 900 текше метрден астам қар массасы түсіп, шаңғы курортының демалушылары үшін қауіпсіздік қамтамасыз етілді", - делінген қалалық ТЖД хабарламасында.

Ауа температурасының жоғарылауы мен қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына байланысты Алматы тауларында қар көшкіні қаупі сақталады. Осыған байланысты "Медеу" - "Тұйық су" Үлкен Алматы өзенінің бағытындағы автожолдарда блокбеккеттер орнатылды.

Сондай-ақ, құтқарушылар таулы жерлерге бармауға, қар тік орналасқан тау беткейлерінде сақ болуға және тау шаңғысы курортындағы қоршаулардан шықпауға кеңес береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу