Шымбұлақта аспалы жолдар уақытша жұмысын тоқтатады

Шектеулер бір ай бойына жалғаспақ. 

Шымбұлақта аспалы жолдар уақытша жұмысын тоқтатады Фото: Алматы әкімдігі

Алматыдағы Шымбұлақ тау-шаңғы курортында аспалы жолдарға жоспарлы профилактикалық жұмыстар басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жазғы маусымға дайындық аясында жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және қауіпсіздік жүйелерін тексеру жүргізіліп жатыр.

9-30 сәуір аралығында Комби-2 аспалы жолы жабылады.

Ал "Медеу – Шымбұлақ" гондола жолы мен Комби-1 – 13-30 сәуір аралығында, аспалы-орындықты жол 16-30 сәуір аралығында жұмыс істемейді.

13 сәуірден бастап курортқа кіру тек таксимен немесе эко-автобустармен ұйымдастырылады. Шымбұлақ тау-шаңғы курорты қала тұрғындары мен қонақтарын келтірілген қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауға шақырады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу