Шымбұлақта дауылдан алып ағаш құлады

119

ТЖМ мәліметі бойынша, жол бойына құлаған ағашты құтқару қызметі мен мемлекеттік ұлттық табиғи парк қызметкерлері алып тастады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Шымбұлақта дауылдан алып ағаш құлады Фото: © Sputnik / Николай Хижняк

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.

Шымбұлақ әкімшілігінің мәліметінше, бүгін сағат 14:40-та курортқа қатысы жоқ себептерге байланысты электр қуаты уақытша өшті.

"Shymbulak командасы барлық арқан жолдарды резервтік қуат көзіне жылдам ауыстырды. Бұл режимде арқан жолдар тек қонақтарды станцияларға жеткізу үшін жұмыс істейді. Курорт қызметкерлері электр қуатымен қамтамасыз етуді резервтік фидерлерге ауыстырды, ал негізгі арқан жол – "Медеу-Шымбұлақ" штаттық режимде қайта іске қосылды", – Шымбұлақ әкімшілігінің хабарламасында.

Қазіргі уақытта қаланың қосалқы станциясынан электр энергиясының берілуі ішінара тоқтаған. Қалалық қызметтер электр қуатын беруді қалпына келтіріп жатыр.

"Медеу-Шымбұлақ" автожолы ашылды. Қонақтар "Медеу-Шымбұлақ" арқан жолымен төменге жеткізіліп жатыр .

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу