Шымбұлақ тау-шаңғы курортындағы аспалы жолдар 12 қазаннан бастапжоспарлы техникалық жұмыстарға байланысты жабылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Курорт әкімшілігінің мәліметінше, көтергіштер профилактикалық жұмыстардан өтіп, жаңа маусымға дайындалады.
Жабылу мерзімі:
M1 "Медеу – Шымбұлақ"– 19 қазаннан;
K-1 – 19 қазаннан;
K-2 – 19 қазаннан;
KKD-4 – 12 қазаннан.
Барлық аспалы жолдар 1 қарашадан бастап қайта жұмыс істейді.
Сонымен қатар инженерлік инфрақұрылымды жаңғыртуға байланысты Шымбұлақ шатқалындағы автожол 30 қарашаға дейін жабық болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу