Шымкент әкімі қаладағы жолдардың сапасыздығына қатысты сынға жауап берді

367

"Қаражат аздығына байланысты шегеріліп келді"

Шымкент әкімі қаладағы жолдардың сапасыздығына қатысты сынға жауап берді Фото: gov.kz

Шымкентте көлік инфрақұрылымын дамытуға биыл 38 млрд теңге бөлінді. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 5 есе көп, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов жауап берді.

"Көлік инфрақұрылымы саласында қаладағы жолдардың сапасына және кептелістерге байланысты көптеген сындар айтылды. Аталған салаға ауқымды қаражат қажет етуіне байланысты, ірі жобалар кейінгі жылдарға шегеріліп келді. Біз бірінші кезекте, халыққа қажетті ауыз су, электр, табиғи газ мәселесін біршама шешу арқылы, ендігі кезекте көлік инфрақұрылымын дамытуға көп көңіл бөлудеміз. Көлік инфрақұрылымын дамытуға бөлінетін қаражаттың көлемін биыл 38,0 млрд.теңгеге жеткізіп, 2018 жылмен салыстырғанда 5 есеге ұлғайттық. Соңғы 5 жылда ұзындығы 900 шақырымнан астам асфальтталған жол салынып, қаланың орталық бөлігіндегі ірі жол айрық пайдалануға берілді", - деді Әйтенов. 

Оның айтуынша, биыл қалаға кіреберістегі басты магистралды жолдағы жол айрықтың құрылысы, қаланың Солтүстігі мен Оңтүстігін байланыстыратын магистралды жолдың, қаланың транзиттік әлеуетін арттыратын айналма жолдарды пайдалануға беру жоспарланып отыр (Бәйдібек би-Арғынбеков жол айрығын, Оңтүстік және Шығыс айналма жолдарын, Қонаев даңғылының 3-ші кезеңін, А-2 автомобиль жолының 2-ші кезеңін, Өтегенов көшесінің жалғасын, Темірлан тас жолы және А-2 автомобиль жолындағы үш жаяу жүргіншілер өткелдерін (Алаш, Бекжан базары маңы) пайдалануға беру).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу