Шымкент әуежайында FlyArystan ұшағы тосын жайтқа тап болды

Оқыс оқиға кеше, яғни 15 сәуір күні Алматы – Шымкент бағыты бойынша FS7105 рейсі қонғаннан кейін тіркелген.  

Шымкент әуежайында FlyArystan ұшағы тосын жайтқа тап болды Фото: gov.kz

Әуе компаниясы Шымкент әуежайының ұшу-қону жолағында ұшақтың итпен соқтығысқанын растады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға жолаушылар рейсі қонғаннан соң болған.

– Салдарынан әуе кемесінің кейбір бөлшектері зақымданды. Қазіргі уақытта ауыстырылуы тиіс барлық қосалқы бөлшек Алматыдан жеткізіледі, – деп хабарлады әуе компаниясының баспасөз қызметі.

Иттің ұшу-қону жолағына қалай кіріп кеткені де тексеріліп жатыр.

– Бұл дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Ұшу қауіпсіздігі әуе компаниясының негізгі басымдығы саналады, – деп нақтылады компания өкілдері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу