Шымкент-Бішкек бағытында тікелей әуе рейсі ашылады

96

Бұл туралы SCAT әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.  

Шымкент-Бішкек бағытында тікелей әуе рейсі ашылады Фото: akipress.org

22 мамырдан бастап Шымкенттен Қырғызстан астанасы Бішкекке тікелей рейстер орындала бастайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Заманауи лайнер аптасына 3 рет Шымкент-Бішкек бағытында ұшатын болады.

Айта кетейік, "Манас" халықаралық әуежайы (FRU) – Бішкек қаласында орналасқан Қырғызстанның басты әуе айлағы, 1975 жылы ашылған. 2024 жылдың желтоқсанынан бастап акционерлік қоғам "Қырғызстан әуежайлары" деп қайта аталып, елдегі әуежайлар желісін біріктіретін негізгі хабқа айналды. Орталық Азиядағы маңызды авиациялық торап болып табылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу