Шымкент дүкендерінің бірінен балалар уланған тұшпара партиясы тәркіленді

1733

Аталған шаһарда бір отбасының екі баласы улану салдарынан көз жұмды.   

Шымкент дүкендерінің бірінен балалар уланған тұшпара партиясы тәркіленді

Жақындарының сөзінше отбасы тұшпарадан уланған. Олардың пікірімен ТЖД мамандары да келісіп отыр. Ал дәрігерлер балалардың тамақтан уланбағанын алға тартуда. Бұл ретте дүкеннен отбасы мүшелері жеген тұршапара партиясы түгел тәркіленді. Себебі кешкі ас ішкеннен кейін, отбасы мүшелері түгел ауырып, дәрігерлер көмегіне жүгінген. Бірінші келген жедел жәрдем науқастарға көмек көрсетіп кетіп қалған. Алайда таңға жуық олардың жағдайы нашарлап, әкесі екінші рет жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер барлығын ауруханаға апарған. Ақ халаттылар ауыр хәлде түскен 4 жасар баланың өмірі үшін жарты сағат күресіп, оны аман алып қала алмады. Артынша отбасының тағы ір 11 айлық мүшесі көз жұмған. ТЖД мамандары отбасы тамақтан немесе газдан уланғанын айтады. Дегенмен газдан улану мүмкіндігі төмен екенін де ескертті. Ал дәрігерлер газдан улану фактісін алға тартуда. Өйткені қайтыс болған балалардың ата-анасы газ балонының бұрғысын жаппағандарын айтқан.

Сонымен қатар Денсаулық сақтау басқармасы, балалардың дәрігерлер қателігінен қайтыс болуы мүмкін екенін жоққа шығармады. Алайда бұл отбасы жедел жәрдем бірінші рет келгенде ауруханаға барудан бас тартыпты. Осы орайда өмірден өткен балалардың туыстары барлығына ақ халаттыларды кінәлап отыр. Олардың пікірінше, дәрігерлер бірінші рет келгенде-ақ барлығын ауруханаға алып кетуге тиіс еді.

"Дәрігерлер бірінші рет келгенде балаларды алып кеткен жоқ. "Біз бір адамға ғана келдік" деп, дәрі тізімін жазып кетіп қалған. Кейін балалардың жағдайы нашарлап, екінші рет келген жедел жәрдем отбасы мүшелерін әр түрлі ауруханаларға апарған. Мен оларды газбен уланды деп ойламаймын. Өйткені сол күні олардың үйіне жиеніміз қонаққа барған. Жақын маңдағы дүкеннен алған тұшпараны сол ғана жемеген. Жиенімізден басқасының  барлығы уланып қалған. Егер газдың кесірінен жағдай осылай болса,  одна жиеніміз де уланар еді",– дейді осы отбасының жақын туысы.

Қазіргі кезде дүкеннен танымал тұшпара маркасының барлық партиясы тәркіленді. Тергеу барысында бұл марканың атауы жария етілмейді. Өйткені нақты улану себептері екі аптадан соң сараптама қорытындысы шыққаннан кейін белгілі болады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу