Шымкент қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

291

Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.  

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды Фото: instagram.com/akimat_shymkent

Берік Беркімбаев Шымкент қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Президенті әкімшілігінің келісімімен және қала әкімінің өкіміне сәйкес, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары лауазымына Берік Беркімбаев тағайындалды", – делінген ақпаратта.

Берік Беркімбаев 1980 жылы Шымкент қаласында туған. Қазақ мемлекеттік заң академиясын және Шеффилд университетін (Ұлыбритания) бітірген.

Еңбек жолын 2001 жылы Прокуратура органдарында бастаған. 2010-2022 жылдар аралығында Жоғарғы сотының және Әділет министрлігінің құрылымында басшылық қызметтер атқарды.

2022-2023 жылдары Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары болған.

2023 жылдың ақпан-мамыры аралығында Президент әкімшілігі басшысы хатшылығының меңгерушісі болған.

2023 жылдың мамырынан қазірге дейін Президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы лауазымында қызмет етті.

Бұған дейін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов өз еркімен қызметінен босатылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу