Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы болып Қайрат Дәлбеков тағайындалды

1604

Полиция департаментінің жеке құрамына жаңа басшыны ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев таныстырды.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы болып Қайрат Дәлбеков тағайындалды

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы лауазымына Қайрат Дәлбеков тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz ІІМ ақпараттық сайтына сілтеме жасап.

Қайрат Сұлтанбайұлы Дәлбеков 1963 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

Ішкі істер органдарында 1989 жылдан бастап қызмет атқарады. Орта және аға басшы құрамның әртүрлі жедел лауазымдарында қызмет атқарған. 2018 жылдан бастап Түркістан облысының Полиция департаментін басқарған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу