Нұрайдың өлімінен кейін Шымкент полициясына жаңа басшы тағайындалды

224

Жаңа басшыны полиция ұжымына Ішкі істер министрі Ержан Саденов таныстырды.

Нұрайдың өлімінен кейін Шымкент полициясына жаңа басшы тағайындалды Фото: ІІМ

Шымкент қалалық Полиция департаментінің бастығы болып Қожаев Мұхтар Жұмабайұлы тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мұхтар Қожаев 1977 жылы туған. Полиция генерал-майоры. 1999 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы заң институтын бітірген.

1999 жылы Маңғыстау облысы Ішкі істер бас басқармасының Ақтау қалалық ішкі істер басқармасына тергеуші болып тағайындалды.

2001 жылдан бастап Маңғыстау облысы Ақтау қалалық ішкі істер басқармасында анықтау және тергеу басқармаларының басшысы лауазымын иеленді.

2010 жылдан бастап Маңғыстау облысы Ішкі істер департаментінің аудандық полиция бөлімдері мен басқармаларының бастығы болды.

2012 жылы – Қазақстан Республикасы ІІМ Тергеу комитеті Аймақтық бақылау және алдын ала тергеуді ұйымдастыру басқармасы бастығының орынбасары.

2017 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ Тергеу департаменті Алдын ала тергеуді аймақтық бақылау басқармасының бастығы.

2018 жылы Қостанай облысы Полиция департаменті бастығының тергеу жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.

2018 жылғы желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасы Тергеу департаменті бастығының орынбасары.

2023 жылғы желтоқсанынан бастап Қазақстан Республикасы Тергеу департаменті бастығы.

ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен наградталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу