Шымкент қаласына қанша инвестиция тартылды?

361

Өңірде соңғы бес жылда өнеркәсіп өнімінің көлемі 492 млрд теңгеден 937 млрд теңгеге жетті

Шымкент қаласына қанша инвестиция тартылды? Фото: otyrar

Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Соңғы бес жылда өнеркәсіп өнімінің көлемі 492 млрд теңгеден 937 млрд теңгеге жетті, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 58 мыңнан 110 мыңға дейін өсті, сонымен қатар қалаға 2 трлн теңгеден астам инвестиция тартылып, бюджет көлемі 146 млрд теңгеден 613 млрд теңгеге жетті. Биылғы жұмысқа тоқталар болсам, макроэкономикалық көрсеткіштерде өсім динамикасы бар", - деді ол. 

Мұрат Әйтенов шаһарда 5 айдың ішінде инвестиция көлемі 22 пайызға, құрылыс жұмыстары 29 пайызға, пайдалануға берілген тұрғын үй алаңы 73 пайызға, бөлшек сауда көлемі 25 пайызға артқанын атап өтті.

"Ендігі кезекте қаланың стратегиялық дамуына көп мән беруіміз қажет. Бірінші кезекте – қаланың бас жоспарын демографиялық өсім қарқынына байланысты қайта қарап, жаңадан әзірледік. Екіншіден, қаланың 5 жылдық даму жоспарын қайта қарап, бүгінде алдымызда тұрған басым салаларды белгілеп алдық", - деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу