Шымкент қаласында көпқабатты тұрғын үйдің ауласынан ер адамның мәйіті табылды

204

Оқиға Шымсити шағынауданында орналасқан тұрғын үй кешендерінің бірінде болған. 

Шымкент қаласында көпқабатты тұрғын үйдің ауласынан ер адамның мәйіті табылды Фото: gov.kz

Алдын ала мәліметке сәйкес, ер адам 16-қабаттан құлаған. Оқиға орнына шақырту түскеннен кейін полиция қызметкерлері келіп, тиісті шаралар қабылдаған, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Аталған оқиға бойынша қосымша ақпарат тергеу нәтижесіне байланысты берілетін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу