Шымкентте мектепке киім алуға шыққан отбасы жол апатына ұшырады

338

Қайғылы оқиғаға олардың артынан басқа көліктермен келе жатқан туыстары куә болған.    

Шымкентте мектепке киім алуға шыққан отбасы жол апатына ұшырады Фото: 24.kz

Апат салдарынан 44 жастағы әйел, оның жақында оқу орнына түскен қызы және 11 жастағы жиені көз жұмған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Марқұм 11 жастағы баланың анасы бастапқыда ұлымен бірге бір көлікте отырған. Алайда жолай кішкентай қызы жылай бастаған соң, әйел күйеуінің көлігіне ауысқан. Ал 11 жастағы бала алғашқы көлікте қалған.

Марқұм әйелдің Астанада тұратын әпкесі де өз қызымен бірге басқа көлікте келе жатқан.

"Шымкент қаласының полициясы аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп, жол апатының барлық мән-жайы анықталып жатыр", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу