banner

Шымкент МӨЗ мамырда іске қосылады

968

Шымкент МӨЗ мамырда іске қосылады

Шымкент мұнай өңдеу зауыты мамыр айында іске қосылады. Осылайша биыл еліміздегі мұнай өңдеу көлемі 1,1 млн тоннаға артып, 16 млн тоннаны құрайды. Бұл туралы сала өкілдерінің басын қосқан жиын барысында энергетика министрі мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz.

Қанат Бозымбаевтың айтуынша, енді зауыттарда жөндеу жұмыстарын жүргізудің жаңа тәртібі енгізіледі. Егер бұрын жылда жасалатын қалпына келтіру шаралары 45 күн болса, қазір 20 күнге қысқарды. Ал күрделі жөндеу жұмыстары 3 жылда бір рет қолға алынады. Осылайша өнім көлемі 300 мың тоннаға артып, сапасы жоғарылайды.

"Қазіргі статистика бойынша мұнай өңдеу саласы жыл сайын қарқынды дамып жатыр", – дейді министр.

"Бірінші тоқсанда зауыттарда шамамен 4 млн тонна мұнай өңделді және өткен жылмен салыстырғанда 9,4% өсім көрсетті. Үш мұнай өңдеу зауытымен шығарылған мұнай өнімдерінің көлемі 2,8 млн тоннаны құрады, яғни өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 5% ұлғайды. Мұнай экспорты 18 млн тонна құрады, яғни өткен жылдың сәйкес кезеңімен 5% артық", - дейді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу