banner

Шымкент МӨЗ уақытша тоқтады

1277

Шымкент МӨЗ уақытша тоқтады

Шымкенттің мұнай өңдеу зауыты күрделі жөндеу жұмыстарының басталуына байланысты бүгіннен бастап уақытша тоқтады. Бұл туралы "ПетроҚазақстан Ойл Продактс" ЖШС баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Шымкент мұнай өңдеу зауытының технологиялық қондырғыларына жоспарлы-алдын алу жөндеу жұмыстарын жүргізу кестесі Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігімен келісілген. Күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын орындауға, жабдықтардың сенімді жұмыс істеуін және де кәсіпорынның сапалы әрі үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған.

Зауытты жаңғырту жұмыстары барысында RFCC каталитикалық крекинг кешенінің жаңа нысандары мен шымкенттік МӨЗ-дің қолданыстағы нысандарын интеграциялау бойынша іс-шараларды атқару жоспарланған. 

Еске салайық,  мұнай өңдеу зауытын жаңғырту жобасының бірінші кезеңі 2017 жылы аяқталды, 2-кезеңді 2018 жылдың үшінші тоқсанында аяқтау жоспарланып отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу