Шымкент мұнай өңдеу зауыты АИ-95 маркалы бензинді қайта өндіре бастады

416

Алғашқы жанармай 25 тамызда шығарылды.

Шымкент мұнай өңдеу зауыты АИ-95 маркалы бензинді қайта өндіре бастады Фото: inbusiness.kz

Шымкент мұнай өңдеу зауыты жоғары октанды АИ-95 жанармайын өндіруді қайта бастады, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Айта кетейік, уақытша шектеулер каталитикалық риформинг құрылғысындағы LANPEC жылу алмастырғышында анықталған ақауға байланысты болған еді. 

Қазіргі уақытта бұл мәселе шешілген. Бұл туралы Energy Monitor Telegram-арнасы мәлім етті.

"25 тамызда АИ-92 маркалы бензин өндірісі қысқартылмай, 5,8 мың тонна көлемінде шығарылды", делінген хабарламада.

Сондай-ақ апатты жылу алмастырғыш 2024 жылдың ақпанында толығымен ауыстырылатыны белгілі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу