Шымкент мұнай өңдеу зауытының қуатын арттыру жоспарлануда

805

Энергетика министрлігінің мамандары бұл мәселені зерттеуде.

Шымкент мұнай өңдеу зауытының қуатын арттыру жоспарлануда

Энергетика министрлігі техникалық-экономикалық негіздеме әзірлегеннен кейін Шымкент мұнай өңдеу зауытының қуатын кеңейту мәселесін пысықталады, деп хабарлайды inbusiness.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Шымкентке жұмыс сапары барысында Энергетика министрі Мағзұм Мирзағалиев "ПетроҚазақстан Ойл Продактс" ЖШС зауыттың өнімділік көрсеткіштерін орындау, сондай-ақ Шымкент мұнай өңдеу зауытының өндірістік қуатын кеңейту мәселелері бойынша кеңес өткізді. Сондай-ақ зауытты кеңейту кезінде мұнай тасымалдауды қамтамасыз ету мәселелері қаралды", – деп хабарлады министрлік.

Отырыс қорытындысы бойынша министр мынадай тапсырмалар жүктеді:
- Зауыттың өңдеу қуатын арттырудың алдын ала техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу;
- "ПҚОП" ЖШС өңдеу қуаттарын кеңейтудің барлық кезеңдерінің мерзімдерін оңтайландыру;
- "ПҚОП" ЖШС жоспарлы жөндеу жұмыстарын бастауды 2022 жылдың қазан айынан қараша айына ауыстыру мәселесі бойынша ұсыныстар енгізу;
- Құмкөл және Ақтөбе кен орындары тобындағы мұнай өндірудің төмендеуі негізінде жеткізілетін мұнайдың қолайлы сапа сипаттамаларын қамтамасыз етуді бақылауға алу.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу