Шымкент пен Атырау мұнай өңдеу зауыттарындағы жөндеу жұмыстары ауыстырылады

562

Шымкент және Атырау мұнай өңдеу зауыттарындағы жоспарлы жөндеу жұмыстарын ауыстыру туралы шешім қабылданды, бұл нарықты қосымша 150 (жүз елу) мың тоннаға дейін дизель отынымен қамтамасыз етеді деген болжам бар.

Шымкент пен Атырау мұнай өңдеу зауыттарындағы жөндеу жұмыстары ауыстырылады

Бұл туралы "ҚазМұнайГаз" басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Оның айтуынша, елде дизель отынын тұтыну 30 пайыз (5,2 млн тоннадан 6 млн тоннаға дейін) айтарлықтай өскені байқалады. Бұған ең алдымен "көрші елдерге кетіп жатқан "көлеңкелі экспорт" себеп болып отыр" деп сендіреді.

Оның сөзіне сүйенсек, екі зауыттағы жөндеу жұмыстарының ауыстырылуы жағдайды тұрақтандыруға көмектеседі.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу