Шымкент полициясы адам қаққан азаматты іздеп жатыр

725

Полиция ҚР ҚК-нің 347 бабы және 345 бабы 3 бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуде.

Шымкент полициясы адам қаққан азаматты іздеп жатыр

Қыркүйектің 8 күні полиция қызметкерлері Алматы-Ташкент-Термез автожолында орын алған жол-көлік оқиғасын анықтады, деп хабарлайды Шымкент ҚПД-нің Баспасөз қызметі.

Белгісіз көлік 62 жастағы Шымкент қаласының тұрғының қағып кетіп, ізін суытқан. Алған жарақаттарынан жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмған. Осы жайт бойынша Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері ҚР ҚК-нің 347 бабы және 345 бабы 3 бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуде. Бірқатар тиісті сараптамалар тағайындалды.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, жасырынған жүргізуші мен оның автомобилін анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу